Ұлан басын сайлау » Сш Енбек
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданының білім бөлімінің
"Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлан басын сайлау
20
сентябрь
2024

Ұлан басын сайлау

Іс-шара атауы: Ұлан басын сайлау

Өткізілген күні: 20 қыркүйек 2024 жыл

Орны: Мектептің акт залы

Жауапты тұлғалар: Мектеп әкімшілігі және тәлімгер Исаева Маржан 

Іс-шараның мақсаты

Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қасиеттерін арттыру, мектеп өміріне белсене араласуға ынталандыру.

Өту барысы

I. Басталуы:

Сайлау рәсімі сағат 08:00-де басталды.

Сайлау процесін мектеп директоры Аширов Ербол Сапарбайұлы ашып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Сайлау тәртібі мен үміткерлердің есімдері таныстырылды.

II. Үміткерлер:

10 "А" сыныбы: Сапарбай Нұрай

9 "А" сыныбы: Керімжан Нұрай

10 "Ә" сыныбы: Бектемір Гүлім

10 "Ә" сыныбы: Уәли Танат

9 "Ә" сыныбы: Заңғарбек Елдар

10 "Ә" сыныбы: Жұмабай Злиха

9 "А" сыныбы: Астан Айзере

III. Дауыс беру процесі:

Мектеп бойынша 5-11 сынып оқушыларының арасында дауыс беру ұйымдастырылды.

Жалпы 120 білім алушы дауыс берді.

Сайлау жәшігі арнайы орынға қойылып, үдеріс әділ және ашық түрде өтті.

IV. Нәтижелер:

Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 "Ә" сыныбының оқушысы Заңғарбек Елдар Ұлан басы болып сайланды.

V. Қорытынды бөлім:

Сайлау нәтижелері жарияланып, мектеп әкімшілігі жаңа Ұлан басын құттықтады.

Жаңа Ұлан басы ретінде Заңғарбек Елдар оқушыларға алғыс айтып, өз міндетін адал атқаратынын айтты.

Қорытынды және ұсыныстар

Сайлау оқушылардың белсенділігін арттырып, демократиялық үрдістермен танысуға мүмкіндік берді. Оқушылардың өз таңдауын жасауы арқылы көшбасшылыққа лайықты оқушы анықталды. Мұндай іс-шаралар мектептің ұйымшылдық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді