Еңбек орта мектебінің 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім – мейірім мекені» атты іс шара өткізілді
Іс-шара атауы: «Мектебім – мейірім мекені»
Өткізілген күні: 1 қыркүйек 2024 жыл
Орны: Еңбек орта мектебінің ауласы
Жауапты тұлғалар: Мектеп әкімшілігі
Іс-шараның мақсаты :
Білім күнін үлкен мереке ретінде балаларға жеткізу, оны терең сезінуге үйрету, білімге деген құштарлықтарын арттыру, сондай-ақ еліміздің білімді әрі тәрбиелі азаматтарын тәрбиелеп, елжандылыққа баулу.
Өту барысы
I. Басталуы:
Іс-шара сағат 9:00-де басталып, мектеп ауласы көрнекті безендірулермен дайындалды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.
Жиынды мектеп директоры Аширов Ербол Сапарбайұлы ашып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
II. Негізгі бөлім:
Мектеп табалдырығын алғаш рет 1-сыныптың 8 білім алушысы аттады. Олардың сынып жетекшісі Ақсақалова Гүлнұр Балықбайқызы ерекше ықылас танытты.
2024-2025 оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәрібай Аманжол таныстырды.
Көлқайнар ауылдық округінің әкімі Қонаров Асылбек Серікұлы білім алушыларға жылы лебіздерін білдіріп, Білім күнімен құттықтады.
III. Қорытынды бөлім:
11-сынып білім алушылары 1-сынып оқушыларына әліппе сыйлап, болашақтарына сенім артып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Ерекше аттестат үміткері, 11-сынып оқушысы Бектемір Алина 1-сынып оқушыларын құттықтап, білім жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Қоңырау соғу құрметі Бектемір Алина мен 1-сынып оқушысы Құрманәлі Нұрымға берілді.