04
январь
2019
ЕНТ
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Тамыз конференциясының шеңберінде ЕНТ мәселесі кеңінен талқыланған болатын. Ең басты мәселе, биыл ЕНТ-ның жалпы форматында сұрақтарға, сұрақтың көлеміне, пәндеріне қарағанда форматы өзгермейді. ЕНТ форматын жеңілдету, балаларға жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстарымыз бар. 2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ЕНТ тапсыра алады. Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ЕНТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады», - деді Білім және ғылым вице-министрі. Оның айтуынша, қаңтар айында ЕНТ тапсырып, тиісті шекті ұпайды жинағандар құжаттарын алып ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алады. «Қаңтар айында 130 ұпай алып, маусымда 51 ұпай алса, ол қаңтар айында алған жоғары ұпайымен конкурсқа қатыса алмайды. Тек маусым айындағы сертификат есепке алынады», - деді вице-министр.
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.