Баяндама » Сш Енбек
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданының білім бөлімінің
"Еңбек орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
25
декабрь
2017

Баяндама

Кітап және оны оқуды насихаттау-әр кітапхананың

негізгі қызметі.

 

  Армысыздар әріптестер өткен тарихтан бүгінгі күннің болашағын, білімнен көретін қауым.Өзімді таныстыра кетсем,Еңбек орта мектебі білім ордасының кітапханашысы Бегешова Сабира Ғазизқызы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Кітап- ең сабырлы ұстаз» деген, осыған орай мен бүгінгі баяндамамның тақырыбын: «Кітап және оны оқуды насихаттау-әр кітапхананың негізгі қызметі» деп алып отырмын.

Бүгінгі күнгі жас оқырманның жүрегіне тікелей саралы жол табу мақсатында жас оқырманның талабын қанағаттандыру мақсатын ескере отырып,осы мәселені шешу жолында өзімнің кітапхана ісіндегіәдістемемдіұсынамын.Ең бірінші, әрине қазіргі заманда жастардың ой санасын кітап және кітапхана түсінігіне бұру бұл өте қиын және өзекті мәселе.Кітаптың технологиялар жүйесімен бәсекелесе алу үшін ең алдымен біздің алдымызда тұрған мақсат кітап және оны оқырмандарға насихаттау болып табылады. Ал ол өз кезегінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап  өткендей «Ел болашағы жастардың  қолында» жастарымыздың тәрбиесіне аса көңіл бөлінуі тиіс.

         Құрметті әріптестер баршаңызды мазалайтын көкейдегі сауал жастар тарапынан неліктен кітап оқу қажет деген жиі қойылатын сұрақпен кездескен боларсыздар, бұл сұраққа мен ағартушы педагог Сухомлинскийдің айтқан сөзімен жауап берсем деймін: «Кітап құдіретті қару, ақылды және шабытты кітап, көп жерде адамның тағдырын шешеді» бұл ретте біз кітапқа жастардың назарын тарту, бос уақытын интернет желісінде емес дәл кітап оқу процесіне арнауға баулу үшін өз үлесімді қосу мақсатында назарларыңызға өз әдіс-тәсілдерімді ұсынамын.

Мақсаты: Кітапханаға келушілер санын арттыру, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді, уақытты пайдалы өткізуіне жағдай жасау, оқушылардың ой- өрісін педагогикалық әдістермен дамыту, сындарлы оқыту мен қатар интерактивті тәсілдерді пайдалана отырып қызығушылықтарын арттыру.

Міндеті:

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Оқырмандармен түрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Ойын түрлерімен кітап оқуға қызықтыру;

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Кітапханалық сабақ өткізуді жоспарлау;

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту.

 Кітап және кітап оқуды насихаттау мақсатында қолдануға тиімді әдістер.

 

 Кітап және кітап оқуды насихаттау ойын әдістері арқылы жүзеге асады, ойын әдістерінің негізгі артықшылықтары атап кететін болсақ жоғары қызығушылық, жағымды эмоциялар және зейін болып табылады. Кітапты оқуды насихаттаудағы қолданылатын ойын түрлері: рольдік ойындар, әдеби ойындар, үйрететін ойындар, ақпараттық ойын-сауық ойындар,түртіп ал, тұлға портретін сомдау тағы сол сияқты экологиялық өлкетану бағытындағы ойындар болып табылады.

 

 Ойын түрлерін ескере отырып, ойын әдістемелерінің түрлерін ұсынамын.

Бірінші ойын әдістемесі әлемдік деңгейде қолданып жүрген «Гексагон» әдістемесі деп аталады, оқушыларға қолдану үшін А3 форматтағы қағаз және гексагон алтыбұрышы қажет болады. Оқушылар топқа бөлінеді, бұл оқушылар аудиториясын толық қамтуға және қызығушылығын арттыруға өз пайдасын тигізеді.

 Екінші ойын әдістемесі «Кітапты тап» деп аталады, оқушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында оқушылар екі топқа бөлінеді, бірінші топ кітаптың аты мен авторын айтып, екінші топ мүшелеріне кітаптың мазмұны мен жекеленген сюжеттер арқылы оны жасырады,қарсылас топ кітаптың атын немесе авторын атауға міндетті.

Үшінші ойын әдістемесі«Көлеңкеленген мәтін»-бұл ойыноқушылар үшін қызықты ойын әдістемесіарқылы оқушылардың жылдамдығынжәне ой өрісін арттыруға болады, ойынның негізгі идеясы ескі газет немесе ескі кітапты пайдалана отырып, маркердің көмегімен артық сөздерді бояу арқылымағынасы бар,мүлдем жаңа  сөйлемдер құрастыру.

  Қазіргі таңда жастарға көптеген талаптар қойылады, олардың бірі жан-жақтылық болып табылады,менің ұсынатыным оқушылардың жан-жактылығын әлем әдебиеті арқылы дамыту.Бұл мақсатта «Кітап әлемді бағындырады»ойын әдістемесін назарларыңызға ұсынамын. Ойынның негізгі ережесі бойынша  оқушылар арасындағы топтық жұмыс арқылы        

 

 

 

Статистикалық мәліметтер.

 Сіздердің назарларыңызға Еңбек орта мектебінде өткен сауалнама нәтижесінұсынамын, сауалнамаға 10-15 жас аралығындағы 50 оқушы қатысты,оларға келесідей сұрақтар қойылды.

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Сіз өзіңізге керекті материалдардықандай дерек көздерден іздейсіздер?

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Бос уақытыңызды пайдалы өткізу мсатында не істейсіздер?

<!-- [if !supportLists] --> 3.     <!-- [endif] --> Кітапханаға аптасына қанша рет жүгінесіздер?

 

          Статистикалық сауалнама нәтижесі келесідей.

 

<!-- [if !supportLists] --> §  <!-- [endif] --> Бірінші сұраққа 35 оқушы интернет желісінен іздейміз деп жауап берді, 10 оқушы кітапханадан, 5 оқушы өзге тұлғалардан сұраймыз деп жауап берді.

 

<!-- [if !supportLists] --> §  <!-- [endif] --> Екінші сұраққа бос уақытында 20 оқушы спорт ойындарына арнайды, 15 оқушы домшаруасымен айналысады 15 оқушы кітапханада бос уақытымызды өткіземіз деп жауап берді.

 

<!-- [if !supportLists] --> §  <!-- [endif] --> Үшінші сұраққа 34 оқушы аптасына екі үш рет барамыз деп жауап берді,12 оқушы бір екі рет, 4 оқушы жүгінбейміз деп жауап берді.

 

 Назарларыңызға ұсынылған статистика нәтижесінің төмендігін ескере отырып, алдыңғы уақытта баяндамада ұсынылған әдістемелерді қолданып, оқушылар арасында кітап және кітапхана түсінігін арттыруға болады деген сенімдемін. Баяндамамды француз жазушысы Дени Дедроның сөзімен аяқтағым келеді «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиыламыз». Әрқашан кітап жетекшілеріңіз болсын.