«Спорт – денсаулық кепілі»
Іс-шара атауы: «Спорт – денсаулық кепілі»
Өткізілген күні: 7 қыркүйек 2024 жыл
Орны: Мектептің спорт алаңы
Жауапты тұлғалар: Дене шынықтыру мұғалімдері Усивалиев Мұхан, Жұмағұлов Ербол және мектеп тәлімгері Исаева Маржан.
Іс-шараның мақсаты :
Спорттың денсаулыққа тигізер пайдасын насихаттау, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру және оқушылардың командалық рухын дамыту.
Өту барысы
I. Басталуы:
Іс-шара сағат 14:00-де мектептің спорт алаңында басталды.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Аширов Ербол Сапарбайұлы сөз сөйлеп, спорттың маңызы туралы айтып өтті.
Дене шынықтыру мұғалімдері Усивалиев Мұхан мен Жұмағұлов Ербол қатысушыларды жарыстың тәртібімен таныстырды.
II. Негізгі бөлім:
5-11 сынып білім алушылары арасында футбол, волейбол, арқан тарту, секіртпе және эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.
Әр сынып белсенділік танытып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті.
Жарыс барысында әділ қазылар алқасы нәтижелерді мұқият қадағалап отырды.
III. Қорытынды бөлім:
Жеңімпаз сыныптар мен ерекше көзге түскен оқушылар арнайы сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.
Іс-шараның соңында дене шынықтыру мұғалімдері мен тәлімгер оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.