Дүниежүзілік тазалық күні" экологиялық акциясы
Іс-шара атауы: «World Cleanup Day 2024» – Дүниежүзілік тазалық күні
Өткізілген күні: 19 қыркүйек 2024 жыл
Орны: Мектеп аумағы және жақын маңдағы аймақ
Жауапты тұлғалар: Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, тәлімгер Исаева Маржан Арынбекқызы
Іс-шараның мақсаты:
Қазақстан Республикасының халқын аумақтарды қоқыстан тазарту іс-шарасына жұмылдырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Өту барысы
I. Дайындық кезеңі:
Акция туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Сынып жетекшілері мен тәлімгер акцияға қатысушыларды ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Акцияға қажетті құралдар (қолғап, қаптар, т.б.) таратылды.
II. Қатысушылар:
1-11 сынып оқушылары толық қатысып, мектеп аумағы мен оған жақын аймақтарды тазартуға атсалысты.
Жалпы саны: 149 білім алушы.
III. Іс-шараның негізгі бөлігі:
Акция мектеп ауласында басталды. Оқушылар сыныптар бойынша топтарға бөлініп, әрқайсысына арнайы аумақтар белгіленді.
1-4 сынып оқушылары мектептің кабинеттердегі шкафтарды күртіп ,гүлдерді суғарды.
5-8 сынып оқушылары мектеп маңындағы гүлзарлар мен жол бойларын тазалады.
9-11 сынып оқушылары мектеп алаңындағы спорттық аймақтар мен қоқыс алаңдарын ретке келтірді.
IV. Қорытынды бөлім:
Акция барысында мектеп орындықтары мен гүлдерге су құйылды , мектеп айналасындағы қоқыстарды жиналу жұмыстары жүргізілді.
Мектеп директоры Аширов Ербол Сапарбайұлы оқушыларға алғыс білдіріп, тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.