ҰБТ » Сш Енбек
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданының білім бөлімінің
"Еңбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2019

ҰБТ

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Тамыз конференциясының шеңберінде ҰБТ мәселесі кеңінен талқыланған болатын. Ең басты мәселе, биыл ҰБТ-ның жалпы форматында сұрақтарға, сұрақтың көлеміне, пәндеріне қарағанда форматы өзгермейді. ҰБТ форматын жеңілдету, балаларға жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстарымыз бар. 2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады. Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады», - деді Білім және ғылым вице-министрі. Оның айтуынша, қаңтар айында ҰБТ тапсырып, тиісті шекті ұпайды жинағандар құжаттарын алып ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алады. «Қаңтар айында 130 ұпай алып, маусымда 51 ұпай алса, ол қаңтар айында алған жоғары ұпайымен конкурсқа қатыса алмайды. Тек маусым айындағы сертификат есепке алынады», - деді вице-министр.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Похожие публикации:

04 январь 2019 ҰБТ
25 декабрь 2017 Баяндама